2025 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Департамент басшысы Алия Аманжулова сүт өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорын - «Милх» ЖШС-нің директоры Сергей Блокпен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында тауар таңбаларын және географиялық көрсеткіштерді тіркеу мәселелері талқыланып, брендтерді ішкі және сыртқы нарықтарда құқықтық қорғаудың артықшылықтары мен оның болмаған жағдайдағы теріс салдарлары түсіндірілді.
Тараптар зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында ынтымақтастық орнатудың және кәсіпорын өнімдерінің тауар таңбалары мен географиялық көрсеткіштерін тіркеудің қажеттілігі жөнінде ортақ пікірге келді.
Тіркеу - бұл отандық өндірушілердің беделіне, бәсекеге қабілеттілігіне және экспорттық әлеуетіне салынған инвестиция.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі