«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 27 тамызында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.О. Нажикановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мерзімдерін сақтау, сондай-ақ құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы қабылдау тәртібін түсіндіру мақсатында дөңгелек стол өткізілді.
Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиал директорының орынбасары, бақылау және сапа басқармасының басшысы, Қостанай қаласының №1 халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің басшылары қатысты.
Дөңгелек стол барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі