«Конституция - бейбітшілік пен тұрақтылық негізі»

«Конституция - бейбітшілік пен тұрақтылық негізі»

2025 жылдың 26 тамызында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері «Конституция күні» мерекесі аясында «Конституция - бейбітшілік пен тұрақтылық негізі» тақырыбында Қостанай облыстық Л.Н. Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханада өткізілген дөңгелек столға қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясындағы негізгі қағидаттар, принциптер және соңғы өзгерістер туралы сөз сөйледі. Конституция - елдің негізгі заңы болып табылады, ол мемлекеттік биліктің негіздерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын анықтайды. Үш онжылдық ішінде ол құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның дамуы үшін берік негізге айналды.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі