«Ата Заң - тәуелсіздіктің тірегі: 30 лет эволюции правовой государственности»

«Ата Заң - тәуелсіздіктің тірегі: 30 лет эволюции правовой государственности»

2025 жылдың 22 тамызында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында және Негізгі Заңның мерейтойына орай «Ата Заң - тәуелсіздіктің тірегі: 30 лет эволюции правовой государственности» атты конференция өткізілді.

Шара Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына арналды. Конференция барысында еліміздің құқықтық жүйесінің қалыптасу кезеңдері, демократиялық қағидаттардың орнығуы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы жетістіктер талқыланды.

Іс-шараға әділет органдарының ардагері С.М. Жалыбин, заң қауымдастығының, нотариат палатасының, жеке сот орындаушылары палатасының, заң кеңесшілері палатасының, адвокаттар алқасының төрағалары, тарих ғылымдарының кандидаттары, білім беру ұйымдарының ұстаздары мен мектеп оқушылары қатысты. Олардың қатарында Конституциямен құрдас жастар да болды.

Конференция аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған 30 тамыз күні дүниеге келген азаматтарға жеке куәліктері салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ Конституциямен құрдас жас азамат конференцияда сөз сөйледі.

Филармония ғимаратының бірінші қабатында Қостанай облысы Мәдениет басқармасы мен
Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қолдауымен тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі