«Әрбір азаматқа - құқықтық көмек» атты республикалық акция

«Әрбір азаматқа - құқықтық көмек» атты республикалық акция

«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде 2025 жылдың 13 тамызында Қостанай облысының барлық нотариаттық палаталарында «Әрбір азаматқа - құқықтық көмек» атты республикалық акция өтті.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Азаматтар мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу, сату-сатып алу және сыйға тарту шарттарын куәландыру, сенімхаттар мен өсиеттерді рәсімдеу, некеге отыру шарттарын жасау, жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер кезінде құқықтарды қорғау, сондай-ақ шетелге шығу үшін құжаттар дайындау мәселелері бойынша жүгінді.
Акция қорытындысы бойынша мамандар тұрғындардың белсенділігін жоғары бағалап, азаматтардың құқықтарын қорғауда мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі