«Күшті өңірлік ғылым - күшті өңір»

«Күшті өңірлік ғылым - күшті өңір»

2025 жылдың 8 тамызында Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Күшті өңірлік ғылым - күшті өңір» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.
Отырыста өңірлік ғылымды дамыту және оның әлеуметтік-экономикалық өркендеудегі рөлі, ғылым тиімділігін арттыру үшін оны өңірдің өзекті мәселелері мен индустриядағы технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ғылымның тау-кен және өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі, ауыл шаруашылығы саласына озық технологиялар мен жаңалықтарды енгізу, өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырыс аясында ұйымдастырылған көрмеде Қостанай облысының атынан келесі кәсіпорындар қатысты: географиялық көрсеткіші тіркелген «Қостанай балы» өнімін ұсынған «Медовый дом KZ» жеке кәсіпкерлігі, «Қостанай сервелаты» өнімін ұсынған «Аян Озат» ЖШС және «Жітіқара террасалық тақтасы» өнімін ұсынған «МинералСтройСервис» ЖШС.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі