2025 жылдың 8 тамызында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов және әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлер - сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандарымен әңгіме өткізді. Әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, заңда көзделген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сондай-ақ Департаменттің ішкі жұмыс тәртібі мәселелері қарастырылды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі