«Абай мұрасы - халық ұлағаты»

«Абай мұрасы - халық ұлағаты»

2025 жылдың 1 тамызында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұйымдастырған «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты ашық микрофон алаңына қатысты.
Іс-шара қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өткізілді.
Қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін нақышына келтіріп оқып, оның шығармашылығы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Мұндай мазмұнды шаралар жастарды әдебиетке баулып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге жол ашады.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі