Географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау және олардың өңірлік брендтерді дамытудағы рөлі туралы бизнес-қоғамдастықты ақпараттандыру шаралары аясында ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова, Қостанай ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алтынай Алдабергенова және «Атамекен» палатасының филиал директоры Геннадий Кукоба өңір кәсіпкерлерімен географиялық көрсеткіштерді тіркеу мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғаудың артықшылықтары, оны қорғаусыз қалдырудың теріс салдары, сондай-ақ Qazpatent-ке өтінім беру рәсімі түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға «Цифрлық көмекші - ChatBot Әділет» жүйесін енгізу туралы ақпарат ұсынылды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі