
2025 жылдың 24 шілдесінде Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.О. Нажикановтың Қостанай облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы К.С. Баймухановпен және орынбасары С.З. Нуртазеновамен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында жеке сот орындаушыларының ҚР Әділет министрлігінің стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу мәселелері талқыланды. Жеке сот орындаушыларының мемлекет кірісіне өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізулерді орындауына, АІЖ ААЖ дерекқорына келіп түсетін атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініштерін уақытылы және сапалы қарауына ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі