
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2025 жылдың 23 шілдесінде Қостанай облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, «Отбасыны бейімдеу және қолдау орталығы» КММ-де тұратын азаматтар үшін кеңес беру шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты - өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға құқықтық көмек көрсету.
Кездесу барысында азаматтарға заңнамада көзделген әлеуметтік және құқықтық қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жеке құқықтық көмек көрсетілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуге, құқықтық сана деңгейін арттыруға және әділет органдары қызметінің негізгі басымдықтарының бірі - әлеуметтік әділеттілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі