2025 жылдың 21 шілдесінде Нотариат күніне орай Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова облыс нотариустарына Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың атынан қызметтік міндеттерін адал әрі кәсіби деңгейде атқарғаны үшін алғыс хаттар табыстады.
Марапатталған мамандар тек өз қызметтік міндеттерін атқарып қана қоймай, күнделікті еңбектері арқылы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге, құқықтық институттарға деген сенімді нығайтуға және қоғам игілігіне қызмет етуге елеулі үлес қосып келеді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі