Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдар басқармалары басшыларының қатысуымен Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде деструктивті интернет-контенттің теріс әсерінен жастарды қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, 2025 жылға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарында көзделген нысаналы индикаторларды іске асырудың аралық нәтижелері мен одан әрі шаралары, сондай-ақ қалалар мен аудандардың терроризмге қарсы комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, бар проблемалар және оны одан әрі жетілдіру жолдары туралы мәселелер талқыланды. Өткізілген іс-шаралар бойынша мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ әкімдік басқармаларының басшылары тыңдалды