«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 2 шілдесінде Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалымен бірлесіп, «FAIRY», «APPLE», «iPhone» тауар белгілерімен таңбаланған, жалпы саны 189 бірлікті құрайтын, 315 960 теңге сомасындағы контрафакт өнімдерді жою бойынша шара өткізді.
Аталған контрафакт өнімдер The Procter & Gamble Company және Apple Inc. компанияларының өкілдерінің өтініштері негізінде жүргізілген тексеру іс-шаралары нәтижесінде тәркіленді. Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулыларына сәйкес, екі кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша басқа тұлғаның тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, әрқайсысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Контрафакт өнімдер құқық иеленушілердің рұқсатынсыз өндірілген, жалған болып табылады және сапа стандарттарына сәйкес келмейтіндіктен жойылуға жатады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі