2025 жылдың 30 маусымы күні заңгерлік білім беру сапасын арттыру аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің заң факультетін бітіруші түлектеріне арналған диплом табыстау салтанатына қатысты. Салтанатты шара барысында Алия Аманжулова жас мамандарды құттықтап, олардың кәсіби жолындағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Өз сөзінде ол «Заң және тәртіп» идеологиясын берік ұстанудың құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі