«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 23-27 маусым аралығында қаланың орталығында облыстық прокуратура, Әділет департаменті және заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге ықпал ету.
Қабылдау барысында барлық келген азаматтарға тиісті құқықтық көмек көрсетілді.
Азаматтар көбінесе жер қатынастары, мұрагерлік даулар, алимент өндіру, еңбек даулары, әлеуметтік төлемдер мен тұрғын үй мәселелері бойынша сауалдармен жүгінді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі