«Әділет кеңес береді» акциясы

«Әділет кеңес береді» акциясы

Арқалық қаласының  ауданаралық   әділет басқармасы,  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  МК  КЕАҚ қызметкерлерімен  бірлесе  отырып,  2020 жылдың  22 қыркүйек күні Дүниежүзілік банк «Doing  Business» рейтингінде Қазақстанның орнын жақсарту негізінде, заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша қала халқына «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

Іс-шараның  мақсаты – заңды тұлғаларды тіркеу,  мемлекеттік  кепілдендірілген  қызметтерді  алу  мүмкіндігін  түсіндіру,  сауаттылықтары  мен  құқықтық  білім деңгейлерін  арттыру  және  білікті заңгерлік  көмек  көрсету.

Іс шара барысында азаматтардың көкейкесті сауалдарына құқықтық кеңес беріліп, сонымен қатар кіші кәсіпкерлік субъектілерін электронды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеудің тәртібтері туралы кеңінен түсіндірілді.

Кеңеспен қаланың 5 азаматы жүгінді.

 

Арқалық қаласының 

ауданаралық әділет басқармасы