«21 ғасырдың қаржылық триггерлері»

«21 ғасырдың қаржылық триггерлері»

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 25 маусымында Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі және қызметкерлер «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» форумына қатысты. Іс-шараны Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды.
Форумның мақсаты - халықтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру. Іс- шараның мақсатты аудиториясы ретінде бюджет саласының қызметкерлері, студенттер мен жастар, сондай-ақ өзге де азаматтар санаттары қатысты.
Спикерлер қатарында агенттік, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері болды. Олар қаржы пирамидалары, интернет-алаяқтық және әлеуметтік маңызы бар құқықбұзушылықтарға алып келетін өзге де схемалардың қаупі туралы баяндады.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі