Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 25 маусымында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңесте бірінші жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысы шығарылып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. Қызметтерді цифрландыруға және халықпен өзара іс-қимылды жақсартуға ерекше назар аударылды. Департамент басшысы жұмысты одан әрі жетілдіру үшін бірқатар тапсырмалар берді.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі