«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 24 маусымында Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Темирбек Нажикановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшінің моральдық - әдептілік бейнесі, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кездесу барысында қызметтік этиканың негізгі қағидаттары, кәсіби ортадағы мінез-құлық нормаларын сақтау қажеттілігі, сондай-ақ құпия ақпаратты қорғау мәселелері талқыланды. Қызметтік деректер мен дербес ақпараттың таралып кетуіне жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі