Мемлекеттік қызметші күні

Мемлекеттік қызметші күні

2025 жылдың 23 маусымында Мемлекеттік қызметші күніне орай Әділет департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова марапатталды.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметші күніне арналған «Мен мемлекеттік қызметті таңдаймын» атты бейнероликтер байқауында II орын иеленгені үшін Әділет департаментінің бас маманы Нұрбол Серикбаев құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі