Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің маманы күнделікті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы» қызметкерлері жіберген азаматтарды қабылдап, құқықтық, практикалық және консультациялық көмек көрсетеді.
Жүгінген азаматтарға Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген өлім туралы мәліметтерді «АХАТ» ақпараттық жүйесінде өзектендіруге жәрдем көрсетіледі.
Сондай-ақ азаматтарға «Электрондық үкімет» веб-порталы (Egov.kz) арқылы «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін алу мүмкіндігі туралы ақпарат беріледі.
Азаматтар құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша сауалнаманы толтырады.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі