2025 жылдың 17 маусымында Қостанай облысы Әділет департаментінің бас маманы Н.А. Серікбаев А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен «Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы: жастарды мемлекеттік қызметке тарту» тақырыбындағы дөңгелек столға қатысты.
Іс-шара аясында жас мамандарды іріктеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің жастар арасында тартымды имиджін қалыптастыру, кәсіби дағдыларын дамыту және мансаптық өсуге жағдай жасау мәселелері талқыланды. Университет түлектерінің мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге деген ынтасын арттыруға ерекше назар аударылды.
Дөңгелек стол қорытындысы бойынша қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай тәжірибе алмасып, жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар жасады.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі