2025 жылдың 13 маусымында Қостанай облысы Әділет департаментінің бөлім басшысының м.а. Алина Сулейменованың қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалы қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Семинар тақырыбы - «Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту» мемлекеттік қызметін көрсету.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш беру тәртібі және пилоттық режимде енгізілген жаңашылдықтар талқыланды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі