Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 9 маусымында коммерциялық ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Ж. Абитаева Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің (Тобыл қ.) студенттері үшін «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті, онымен күресу - біздің борышымыз» және «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыптарында семинар өткізді.
Өз сөзінде Ж. Абитаева сыбайлас жемқорлық - заманауи қоғамның жағымсыз құбылысы екенін, оны үнемі терең зерттеп, оған кешенді және жедел түрде қарсы әрекет ету қажеттігін атап өтті.
Семинар барысында мемлекеттік тілді дамыту мәселелері де қозғалды. Оның қоғамдағы маңыздылығы мен жастар арасында кеңінен насихатталуы қажет екені ерекше атап өтілді.
Іс-шара соңында студенттердің барлық сауалдарына жан-жақты жауаптар берілді.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі