Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 5 маусымында "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қостанай қаласының №2 бөлімінің инспекторлары үшін тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Абылай Дәрке коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Іс-шара барысында коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ құжаттарды қабылдау кезінде туындайтын негізгі мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, заңды тұлғаларды электрондық тіркеуге, басшыны өзгертуге, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуге және "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы таратуға қатысты мәселелер айтылды.

Қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі