2025 жылдың 4 маусымында Қостанай қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мереке аясында облыс әкімдігінің алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Аталған іс-шараға Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова және департамент қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік рәміздер күні - мемлекеттіліктің басты белгілерін құрметтеу мен насихаттауға арналған маңызды күн. Бұл атаулы күн азаматтардың ұлттық рәміздерге деген жауапкершілігін арттырып, патриоттық сана мен бірегейлік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі