Жұмыс кездесуі өткізілді

Жұмыс кездесуі өткізілді

2025 жылдың 29 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінде жұмыс кездесуі өтті. Кеңеске сот орындаушылары қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы С.Ж. Альшимбаева., жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары М.А. Сералин, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары қатысты. Кеңесте ата-ана құқығынан айырылған тұлғалардан алимент өндіру мәселесі талқыланды.
Кеңес барысында жеке сот орындаушылары аталған санаттағы істер бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Қатысушылар орындау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылап, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен жеке сот орындаушылары арасындағы бірлескен іс-қимыл алгоритмін айқындады.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі