Қостанай қаласының нотариустарына семинар

Қостанай қаласының нотариустарына семинар

мен қатар2025 жылдың 23 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің бас маманы Алина Сулейменова  цифрландыру саласындағы инновациялар, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту және Әділет органдарының жұмысын жалпылау саласындағы заңнамаға енгізілген толықтырулар мәселелеріне қатысты семинар өткізді.

Кездесу барысында цифрландыру, азаматтардың өтініштері саласындағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің “Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” 2009 жылдың 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын сақтауы мәселелері және мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер талқыланды. Сонымен қатар, ҚХР Гаага конвенциясына қосылғаны туралы хабарланды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі