Республикалық «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» акциясы

Республикалық «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» акциясы

2025 жылдың 23 мамырында Қостанай облысы Әділет департаменті «Бейімбет Майлин ауданының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы жеке сот орындаушыларымен және Қостанай облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Бейімбет Майлин ауданы бойынша «Мансаптық орталық» филиалымен бірлесіп, республикалық «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - атқарушылық іс жүргізуде тұрған жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болды. Жәрмеңке барысында барлық жүгінген азаматтарға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңестер беріліп, әрі қарай жұмысқа орналасуға жолдамалар ұсынылды.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі