2025 жылдың 21 мамырында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.О. Нажикановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске Қостанай облысы прокурорының аға көмекшісі С.К. Курмамбаев, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары С.З. Нуртазенова, сондай-ақ жеке сот орындаушылары қатысты. Кеңес алимент өндіру бойынша проблемалық атқарушылық іс жүргізулермен жұмыс істеуге арналған «Іс-қимыл алгоритмін» іске асыру аясында өтті.
Кездесу барысында алимент өндіруге қатысты өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары белгіленді. Осы бағыттағы жұмысты жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылданып, орындау мерзімдері белгіленді.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі