Бейімбет Майлин ауданына жұмыс сапары

Бейімбет Майлин ауданына жұмыс сапары

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 23 мамырында Бейімбет Майлин ауданында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан тұрғындары, мәслихат депутаттары, заң қауымдастығы өкілдері, аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов және Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжолованың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Әлия Аманжолова 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әділет органдарының қызметі туралы баяндады. Департамент басшысы қатысушыларды әділет органдары жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, атқарушылық іс жүргізу, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, географиялық көрсеткіштерді қоса алғанда зияткерлік меншік нысандарын тіркеу, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары жайында айтылды.
Баяндамасында әділет саласындағы цифрлық сервистерді дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, электрондық сенімхаттарды енгізу, онлайн кеңестер беру және «Цифрлық әділет» жүйесінің басқа да элементтері сөз болды.
Құқықтық көмектің қолжетімділігін, соның ішінде шалғай өңірлерде қамтамасыз ету мақсатында іс-шара аясында Бейімбет Майлин ауданы тұрғындары үшін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды Әділет департаментінің басшысы нотариус және сот орындаушылармен бірлесіп өткізді. Қабылдау барысында сот актілерінің орындалуы, географиялық көрсеткіштерді тіркеу, мұра рәсімдеу және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштер қаралды.
Сонымен қатар, осы күні мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланған Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі