Көмектесу үшін бірігеміз!
30 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!
Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация
алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің,
жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Акцияның өтетін орны: Байтұрсынов көшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті ғимаратының алдында, (Бағдар: Орталық саябақ).
Толығырақ: https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/
Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі