«Ашық есіктер күні» акциясы

«Ашық есіктер күні» акциясы

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында ағымдағы жылдың І-тоқсанында Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 90-нан астам іс-шаралар ұйымдастырды.

Акцияға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының өкілдерінен басқа адвокаттар, нотариустар және заң консультанттары да қатысты.