
Өскемен қаласында өңірдің заңгерлер қауымдастығы үшін еңбек қатынастарын құқықтық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі бірлесіп ұйымдастырған семинар өтті.
Іс-шараға адвокаттық қауымдастық өкілдері мен заң консультанттары қатысқан.
Қатысушылар жекелеген санаттардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ еңбек дауларын шешуде еңбек заңнамасын қолданудың практикалық мысалдарын талқылады.
Семинар пікірталас алаңына айналып, қатысушылар көптеген практикалық сұрақтар қойып, сарапшылар тарапынан жан-жақты әрі кәсіби жауаптар берілді.