Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы В.Калимова баяндама жасады.
Конференция барысында құқықтық жүйені трансформациялау жағдайында нотариат институтын дамытудың, азаматтар құқықтарының конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз етудің, нотариаттық қызметті цифрландырудың, нотариустардың біліктілігін арттырудың өзекті мәселелері және осы саладағы басқа да мәселелер талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық жүйенің негізгі буыны ретінде нотариат институтын одан әрі жетілдіру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.