Қазақстанның Азаматтық Альянсы алаңында «ҮЕҰ тіркеу мәселелері заңнаманы жетілдіру аясында» тақырыбында «УСТАНЫМ» пікірталас клубының отырысы өтті.
Шара Мемлекет басшысының IV Ұлттық Құрылтайда айтылған үкіметтік емес сектордағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өтті.
Талқылауға Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Әділет министрлігінің өкілдері, сондай-ақ азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Қатысушылар үкіметтік емес ұйымдарды тіркеуге қатысты негізгі мәселелерді талқылады: ҮЕҰ мәртебесі мен қызмет аясын анықтау, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 7-бабына сәйкес қоғамдық бірлестіктердің мәртебесін бекіту тәртібі.
ҮЕҰ туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
ҮЕҰ өкілдері ҮЕҰ тіркеуге қатысты сұрақтарын қойып, оларға баяндамашылар жан-жақты жауап берді.
Әділет министрлігі ашық диалогқа және осы саладағы заңнамалық бастамаларды одан әрі талқылауға дайын екенін білдірді.