Меню
Страницы

Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру.

Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру.

Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы әділет органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

Бұл саладағы мемлекеттік қызметтерге деген жоғары сұраныс олардың маңыздылығын көрсетеді: тіркеудің жылдамдығы мен қолайлылығы елдегі іскерлік белсенділікке тікелей әсер етеді. Осыған байланысты мемлекет рәсімдерді кезең-кезеңімен жеңілдетіп, оларды барынша қолжетімді етуде.

Қазіргі уақытта заңды тұлғаларды тіркеу бойынша қызметтердің басым бөлігі толықтай онлайн форматқа көшірілген. Олар электрондық үкімет порталы және басқа да цифрлық сервистер арқылы қолжетімді, бұл уақытты едәуір үнемдеуге және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Мысалы, кәсіпкерлер компания басшысын қашықтан ауыстыра алады немесе тіркеу деректеріне — мекенжайына, қызмет түрлеріне не жарғылық капитал мөлшеріне өзгерістер енгізе алады. Бұл ретте артық келісулерді қажет етпейтін хабарлама тәртібі қолданылады.

Пайдаланушыларға қолайлылық жасау мақсатында заңды тұлғаның атауын түзету қызметі де енгізілген — бұл рәсім небәрі бір жұмыс күнін алады.

Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымдарды (саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда) тіркеу енді толықтай электрондық форматта, қағаз құжаттарды тапсырмай жүзеге асырылады.

Жылжымайтын мүлік саласындағы қызметтерді цифрландыру да дамуда. Азаматтар мен бизнес үшін қызметтердің толық спектрі қолжетімді: құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу, құжаттардың телнұсқаларын алу, мемлекеттік базалардан деректерге қол жеткізу, сондай-ақ объект сипаттамаларын түзету.

Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі — мәмілелер бойынша меншік құқығын тіркеу. Бұл үдерісті жеделдету үшін нотариалды куәландырылған құжаттар болған жағдайда небәрі екі сағат ішінде жедел тіркеу қарастырылған.

Сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтердегі қателерді түзету үшін өтініштерді онлайн түрде беру мүмкіндігі пайда болды, бұл мемлекетпен өзара іс-қимылды айтарлықтай жеңілдетеді.

Заңнаманы жаңартуға да ерекше назар аударылуда. Цифрлық форматқа көшу аясында терминология қазіргі заман талаптарына сәйкестендірілді: «электрондық» ұғымы біртіндеп «цифрлық» ұғымымен алмастырылуда — құжаттардан бастап мемлекеттік жүйелерге дейін.

Ашықтықты арттыру мақсатында жалған тіркеулердің алдын алатын тетіктер енгізілді. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлік объектілері иелерімен келісу, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге өтініш беру кезінде объектінің мекенжайы мен мақсатының дұрыстығын автоматты түрде тексеру қарастырылған.

Осылайша, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік саясат кешенді әрі жүйелі сипатқа ие және тек рәсімдерді жеңілдету мен цифрлық сервистерді дамытуға ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар азаматтар мен бизнес үшін қолайлылықты ғана емес, бүкіл тіркеу жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты