29.04.2025 жылы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік комитетінің, Ұлттық зияткерлік меншік институтының, "Атамекен" ҰКП өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар жоспарының 3-тармағын орындау мақсатында тауар белгілерін, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын, географиялық нұсқаулықтарды ілгерілету мақсатында өндірушілер үшін «дөңгелек үстел» өткізілді. Қарағанды облысын «Еуразия Инвест LTD» ЖШС және «Efes Қазақстан» ШК АҚ кәсіпорындары қатысты. Аталған іс-шара барысында географиялық көрсеткіштерді тіркеу, өнеркәсіптік үлгілер мен бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері, маркетинг негіздерімен танысу туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мамандардан жауап алды