2025 жылдың 25 сәуірде Шәкәрім атындағы гимназияда Мемлекет басшысының құқықтық сауаттылықты арттыру және "Заң және тәртіп" қағидаттарын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қарағанды облысының Әділет департаменті Білім басқармасының және құқық қорғау органдары өкілдерінің қолдауымен адвокаттардың, жекеше нотариустардың және заң консультанттарының қатысуымен Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында "Тәртіпті өзінен баста!" қоғамдық акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру.
"Тәртіпті өзіңнен баста!" акциясына аудан орталықтары мен қалалардың 284 мектебі, барлығы 29100 оқушы қатысты.
Кездесу аясында бейнероликтер көрсетіліп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері мәселелері қаралды.