Ақтоғай ауданы Кежек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

Ақтоғай ауданы Кежек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

2025 жылдың 29 сәуір күні Қарағанды облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары М. Касымов Ақтоғай ауданы Кежек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, сот орындаушысы, Қарағанды облысының нотариаттық палатасының, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары әділет органдарының қызметі, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы түсініктеме берді.
Іс-шараның мақсаты-азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету.
Азаматтар жылжымайтын мүлік, жер учаскесі бойынша құжаттарды рәсімдеу,   атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша жүгінді.
Өз сапары аясында мамандар азаматтарды жеке қабылдады. Барлық өтініштерге тиісті түсініктемелер берілді.