«Контрафактіге бірге қарсымыз» Республикалық фотосуреттер конкурсы

«Контрафактіге бірге қарсымыз»  Республикалық фотосуреттер конкурсы

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында 2025 жылғы 10 сәуірден бастап – 10 мамыр аралығында «Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырыбында Республикалық фотосуреттер конкурсын өткізуді жоспарлап отыр, осыған орай өтінімдерді 10-25 сәуір аралығында қабылдайды.

Жоғарыда аталған конкурс шеңберінде:

        1) Республикалық конкурс үздік фотосуреттерді іріктеу мақсатында өткізіледі.

       2) Республикалық конкурстың негігі мақсаты балалар арасында зияткерлік меншік туралы білімді кеңінен тарату, шығармашылық дарынды жасөспірімдерді іздеу және қолдау, балалар мен жастар арасында таланттаарды анықтау;

          Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауды кеңінен таныту және насихаттау;

         Контрафактілік өнімдерді өндіруге және таратуға қарсы іс-қимыл;

         Контрафактіге теріс қатынасты қалыптастыру;

        Балалар мен жастардың әлемді жақсартуға мүмкіндік беретін идеялар, технологиялар мен тәсілдердің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.

3) Республикалық конкурсқа қатысушылар 14 жастан 18 жақа дейінгі жас санатындағы Қазақстар Республикасының азаматтары арасында өтеді ;

Толық ақпарат Қарағанды облысы Әділет департаментінің сайтында http://www.krg.adilet.gov.kz орналастырылған және Instagram karaganda_adiletgovkz, онда сіз байқау ережелеріне сілтеме ала аласыз.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталатынын қосымша хабарлаймыз.

Конкурсқа қатысушыларға өз жұмыстарын ar.abikeev@adilet.gov.kz, ar.abikeev.kz@mail.ru электрондық поштаға жіберуді сұрайды. Ақпарат үшін байланыс: 87019599669, 87769599669(WhatsApp),   8(7212)42-05-34