Атқарушылық іс жүргізу, алимент төлеу, сенімхат беру мәселелері

Атқарушылық іс жүргізу, алимент төлеу, сенімхат беру мәселелері

2024 жылдың 10 сәуірінде Қарағанды облысы Әділет департаментінің мамандары, адвокат, нотариус құрамындағы ақпараттық-түсіндіру тобы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық–атқару жүйесі комитеті «№31 мекемесі» РММ-де қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша құқықтық түсініктеме өткізді. Іс-шара барысында жазасын өтеп жатқан адамдар атқарушылық іс жүргізу, алимент төлеу мәселелері, сенімхат беру, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәртібі мәселелері бойынша жауап алды.