Республикалық сурет байқауы

Республикалық сурет байқауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы ақпараттық ресурстар арасында үздік ақпараттық материал бойынша республикалық конкурсы Қазақстан Республикасында тіркелген отандық ақпараттық ресурстар арасында өткізіледі.
Өтінімдерді қабылдау Әділет министрлігімен 2024 жылғы 1-15 сәуір аралығында жүзеге асырады. Pеспубликалық конкурсқа қатысушы @adiletgovkz жазылушысы болуы керек. Қатысушы Instagram желісінде
#АкцияАнтиконтрафакт2024@adiletgovkz жазба қалдыруы
керек. Қатысышылар Республикалық конкурстық жұмыстарын
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне
as.aubakirova@adilet.gov.kz электронды поштасына жібереді.
Үздік жұмысты іріктеу келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
Жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі
Жаңалығы мен өзектілігі
Мазмұндылығы «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық»
тақырыбындағы ақпараттық ресурстар арасындағы үздік ақпараттық материал Республикалық конкурсқа қатысу
үшін өтінімде
1 Тегі, аты, әкесінің аты
2 Туған күні
3 e-mail
4 Телефон
5 Пошталық мекенжайы көрсетілуі керек.

Конкурстық жұмысқа қойылатын талаптар:
1. Қатысушылар конкурстық жұмыстарын ҚР Әділет министрлігіне as.aubakirova@adilet.gov.kz электронды поштасына жібереді.
2. Қатысушы өтінімі мен ақпараттық материалын ұсынуы керек.
3. Жұмыс көлемі 3 беттен аспауы тиіс; жұмыс мәтіні Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman шрифтімен (шрифт өлшемі 14) 1,5 интервалмен терілуі керек; парақ бағыты - кітап; материалды баяндау қисынды, дәйекті, тұжырымдар дәлелді, қайталаудан аулақ және стиль анық болуы керек.
4. Республикалық конкурстық жұмыстың мазмұны ҚР заңнамасына және мораль нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
5. Конкурсқа тегін негізде қатыса алады және 1 жұмыстан артық ұсына алмайды.
6. I, II, III орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздар 2024 жылғы 26 сәуірде жарияланады.