Тауар белгілерін, авторлық және сабақтас құқықтарды тіркеу және қорғау мәселелері бойынша кеңес беру

Тауар белгілерін, авторлық және сабақтас құқықтарды тіркеу және қорғау мәселелері бойынша кеңес беру

2024 жылғы 15 наурызда Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі, құқықтық түсіндіру іс-шаралары шеңберінде контрафактілік тауарлардың таралуын болдырмау, азаматтардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы хабардарлығын арттыру мақсатында Қарағанды қаласының сауда үйлерінде кәсіпкерлерге тауар белгілерін, авторлық және сабақтас құқықтарды тіркеу және қорғау мәселелері бойынша жадынамалар табыс етілді. Сондай-ақ, зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын жеке және заңды тұлғаларға қатысты жауапкершілік туралы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді. 24 адамға кеңес берілді.