Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін беріледі.

Қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі акт жазбасының негізінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік береді.

Неке қию  туралы қайталама куәліктер некесін  бұзған немесе некесі   жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін берілмейді.

Неке бұзылғаннан немесе ол жарамсыз деп танылғаннан не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін қажет болған кезде неке қию   туралы анықтама беріледі, онда некені тоқтату негізі көрсетіледі.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.

Азаматтар (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушылар, қайтыс болған адам) туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар нотариат куәландырған сенімхатпен берілуі мүмкін.