Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау – «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасның Заңда көзделген жағдайларда, нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, ресми баспасөз басылымдарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау.
Нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде htpp://zan.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша электрондық түрде ашық қолжетімділікте болады, сондай-ақ электрондық мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде : htpp://adilet.zan.kz