«Бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарын қорғау» тақырыбындағы семинар

«Бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарын қорғау» тақырыбындағы семинар

2023 жылғы 31 мамырда зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім ZOOM платформасы арқылы ҚР Әділет министрлігі Microsoft , Касперский және 1C компанияларының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған «Бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарын қорғау» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинар барысында зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету, авторлық шарт бойынша мүліктік құқықтарды беру, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қалыптастырылатын , сатып алынатын және жиналатын электрондық ақпараттық ресурстар (бағдарламалық қамтамасыз ету) мәселелері талқыланды.