2023 жылғы 24 мамырда Әділет Вице-министрі Алма Муканова Қарағанды облысы Балқаш қаласының тұрғындары және қоғам өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. 

Халықпен кездесу барысында сот актілерін орындауға, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, нотариаттық қызметке қатысты сұрақтар көтерілді, олар бойынша Вице-министр қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берді.

Өз сөзінде Алма Муканова заңнамадағы жаңашылдықтар жөнінде қатысушылардың назарына жеткізді, оның ішінде заң көмегін көрсету саласында, яғни тегін кепілдік берген заң көмегін құқықтық консультация түрінде алатын адамдар тобының кеңейтілгені жөнінде. Мұнда аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандары, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер қосылды. Заң консультанттарына кепілдендірілген тегін заң көмегін көрсету құқығы берілді.

Нотариаттық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген электрондық тіркеу енгізілді, бұл азаматтардың «Мемлекеттік корпорацияға» оларды тіркеу үшін, қағаз құжаттармен жүгіну қажеттігін болдырмаудың алдын алады. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеу бір жұмыс күнінен екі сағатқа дейінгі мерзімге қысқартылды.

Алма Муканованың айтуынша атқарушылық іс жүргізу – Қарағанды облысы ғана емес, бүкіл ел бойынша ең ауыр мәселелердің бірі.

Қарағанды облысы бойынша барлығы 19 мемлекеттік және 146 жеке сот орындаушылар қызметін жүзеге асырады.

Олардың өндірісенде 354 мың атқарушылық өндіріс болған, оның ішінде 91,5 мыңы өндірілді. Көрсетілген санның басым бөлігі алменттерді өндіріп алу бойынша құжаттарды құрайды.

Бүгінгі таңда Әділет министрлігі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жалпыға бірдей тегін қол жеткізуді қамтамасыз етті, бұл ресми тіркелген нормативтік құқықтық актілердің мәтінімен танысуға мүмкіндік береді.

Одан басқа, Әділет министрлігінің 119 нөмірі бойынша тәулік бойғы құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді, бұл жерден барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алуға болады.

Бұдан әрі Вице-министр азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.     

 

24 мамыр 2023

 
Шымкент қаласының мыңнан астам тұрғыны мобильді қосымша арқылы некелерін рәсімдеген

23 мамыр 2023

 
Әділет министрлігінде азаматтарға заң көмегін көрсету мәселелері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің көшпелі отырысы өтті

23 мамыр 2023

 
Хабарландыру «Ата-аналар алатын және одан алимент ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінің жаңа жобасын» НҚА (жаңа редакция) жария талқылаудың басталуы туралы

23 мамыр 2023

 
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылу туралы

22 мамыр 2023

 
Адвокаттар алқасының 25-жылдығына орай Әділет министрлігінің әйелдер құрамасы волейболдан 1 орынға ие болды