Қарағанды облысы Әділет департаменті 2023 жылдың 12 маусымында сағат 10.00-де тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау өтетінін хабарлайды.
Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
Аттестаттаудың өткізілетін орны – Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Жамбыл к., 11а.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Байланыс мәліметтері: Қарағанды облысы Әділет департаменті -Қарағанды қ., Жамбыл көш., 11А мекен-жайы, 8 (7212) 41-01-22, 8 775 102 72 71.
Атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімі